Monthly Archives: Август 2011

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті сайт қонақтары.2011 жылдың 25 тамызында «Физика-математикалық лицей…» ММ-де қалалық мектеп басшыларына арналған тамыздық конференция өтеді. Бұл конференцияға қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасынан 4 мұғалім өздерінің жасап шығарған электрондық оқулықтарын көрсетіп доклад оқиды. Кафедра меңгерушісі қонақтарды кафедра жүйесімен таныстырып, кабинет жүйесіне шолу жасап өтеді.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ !

Құрметті әріптестер! «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»-деп ұлы ақындарымыз айтпақшы міне , көздері мөлдіреп оқимыз, үйренеміз деп келген шәкірттерімізді қарсалатын күн жақын. Сіздерді оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Ұстаздық еңбектеріңізге табыс тілеймін. Сабақ бастамас бұрын мына құжаттармен танысуларыңызды сұраймын.

Қош келдіңіздер!

Құрметті ұстаздар ! Осы сайттан сіздер қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мұғалімдерінің жасап жатқан іс-әрекеттерімен, оның ішінде ашық сабақтарымен, нәтижелерімен таныса аласыздар. Бұл сайт сіздерге әдістемелік — материал жағынан да көмегі тиеді деп ойлаймын. Іске сәт.